Кездесу барысында министр министрліктің қызметі және болашаққа қойған жоспарлары туралы ақпаратты ұсынды. Соның ішінде, балалардың ерте жастан дамуы болашақта оларды мектепте тиімдірек оқытуға мүмкіндік беретіндіктен, мемлекеттің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесіне ерекше көңіл бөлетінін айтып өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңда 9 мың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары бар екендігін және 2020 ж. Қазақстандық балалардың 100%-ы мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылатыны айтылды.
Орта білім беруде 5-күндік жұмыс аптасын енгізу және негізгі оқулықтармен оқытуға көшу жоспарлануда. Мектептің кадр құрамының тілді меңгерудегі даярлығын жоғарылату мақсатында министрлік оқытушыларды 9 айлық ағылшын тілі курстарында оқытуды жоcпарлауда.
Сонымен қатар, министр ҚР Парламентінде ҚР «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кей заңнамалық актілеріне өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы» заң жобасы енгізілгені туралы баяндады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігі беріледі. Олардың ең үздіктері білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізіледі және мамандықтар классификаторы қолданыстан шығады.