Семинарға шетелден келген сарапшылар: Кристиан Вагнер, БОАП жобасының басшысы; Байба Рамина, Академиялық ақпараттық орталық директоры, (Латвия); Клаудио Донди, БОАП сарапшысы; Эва Хмелецка, Білім берудің ғылыми-зерттеу институты (Польша) қатысты.
Қазақстан тарапынан ҚР Білім және ғылым министрлігінің және ведомстволық ұйымдар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аккредиттеу агенттіктерінің, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Семинар (1) Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіндегі (ESG) сапаны қамтамасыздандыру және аккредиттеу стандарттары мен нұсқаулықтары (соңғы сын-тегеуріндері және даму тенденциялары) және (2) кәсіптік білім берудегі сапаны қамтамасыз ету, жоғары және техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру және аккредиттеу жүйесін біріктіру әлеуетін қамтамасыздандыру бойынша туындаған мәселелерді қарастыруға бағытталған екі сессиядан тұрды.
Семинар қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға және жобаның болашақ іс-шараларының мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді.