Семинарда келесі тақырыптар қарастырылды:
1. Латвиядағы жоғары білім берудің дамуы;
2. Erasmus+ бағдарламасы аясында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық;
3. Латвия Республикасының мемлекеттік шәкіртақылары. Жас докторларды қолдау бойынша ЕО бағдарламасы;
4. Латвияның жоғары оқу орындарында шетел біліктілігін мойындауды және сапаны қамтамасыздандыруды жүзеге асыру құралдары.
Семинар диалог алаңына түрінде өтті: Латвиядағы және Қазақстандағы жоғары білім беру саласында жеткен соңғы жетістіктер талданды, сонымен қатар мемлекеттер арасында екі жақты ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.
Семинарға Латвияның Білім және ғылым министрлігінің, Академиялық ақпарат орталығының және Білім беруді дамыту мемлекеттік агенттігінің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының, Назарбаев Университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚазМЗУ университетінің, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.
Семинар аясында ұсынылған баяндамалар келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
1. Латвиядағы жоғары білім берудің дамуы (Латвия Республикасының Білім және ғылым министрлігі).
2. Erasmus+ бағдарламасы аясында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық (Баяндамашы – Энната Киврина, Еуропа одағының Білім беру бағдарламаларының департаментінің директоры, Білім беруді дамыту мемлекеттік агенттігінің, Латвия).
3. Латвия Республикасының мемлекеттік шәкіртақылары. Жас докторларды қолдау бойынша ЕО бағдарламасы (Баяндамашы - Синтия Шмите, Халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары бөлімінің басшысы, Латвия).
4. атвияның жоғары оқу орындарында шетел біліктілігін мойындауды және сапаны қамтамасыздандыруды жүзеге асыру құралдары (Баяндамашы - Байба Раминя, Академиялық ақпарат орталығының директоры, Латвия).