Семинар барысында Польшаның жоғары білім беру жүйесіне, халықаралық ынтымақтастыққа және екіжақты студенттер алмасуына қатысты мәселелер қарастырылады.
Бұл семинар студенттердің және профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейтуге және күшейтуге, Польшаның ЖОО бірлесіп білім бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Барлық мүдделі тараптарды БСҚА конференц-залында 2017 ж. 8 қыркүйекте сағат 11-де өтетін семинарға қатысуға шақырамыз. Мекен-жайымыз: Достық к-сі, 20, «Санкт-Петербург» іскерлік орталығы, 809 кеңсе.
Семинарға қатысуға өтініштерді 6.09.2017 ж. дейін мерзімде ahmadieva@iqaa.kz адресіне жіберулеріңізді сұраймыз. Семинарға қатысу - тегін.