БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

29. 04. 18

2018 жылдың 19-20 сәуірінде Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымдастығының (ENQA) 8-ші Форумы өтті.

Форумды БСҚА-ның серіктес агенттігі болып табылатын Жоғары білім саласындағы сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Арагондық агенттік (ACPUA) ұйымдастырды. Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) форумына 100-ден астам қатысушы, оның ішінде БСҚА-ның өкілдері қатысты.

Еуропалық қауымдастық (ENQA) Форумы шеңберінде Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) Бас Ассамблеясы 2018 жылғы 19 сәуірде өтті. Бас Ассамблеяда Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) еншілес ұйымдары үшін жаңа ережелер мен талаптар талқыланды.

  

Форумның ашылуында Арагонның (Испания) инновациялар, ғылыми зерттеулер және жоғары білім министрі Пилар Алегриа және Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) Президенті Кристоф Гролимунд сөз сөйледі. Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) форумында келесі тақырыптар талқыланды:

- Сапаны қамтамасыз етудегі әлеуметтік өлшем;

- ЮНЕСКО-ның Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану жөніндегі Ғаламдық Конвенциясы;

- Еуропалық стандарттар мен басты қағидалары (ESG) инновациялық саясат пен тәжірибеге қолдау көрсете ала ма - Инновациялық саясат пен тәжірибе арқылы сапаны жетілдіру бойынша жобасының (EQUIP) қорытынды кезеңінің нәтижелері;

- Бейімдеуге, сенімге негізделген, оқытуға арналған электрондық бағалау жүйесі (TeSLA);

- Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімінің (EQAR) сапаны сыртқы қамтамасыздандыру бойынша есептері бойынша деректер базасы (DEQAR);

- Африкадағы жоғары білім беруінің аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету үйлестіру жөніндегі бастама (HAQAA);

- Академиялық тану мен сапаны қамтамасыздандыру арасындағы байланыстар (LIREQA).

 

Еуропалық Қауымдастық (ENQA) Форумы қатысушыларға соңғы жаңалықтар мен тренділермен танысуға, еуропалық жоғары білім беру аймағында (EHEA) сапаны қамтамасыздандыру саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Қосымша ақпаратты http://www.enqa.eu/index.php/events/8th-enqa-members-forum-19-20-april-2018-zaragoza-spain/ сайтында қараңыз.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo