2018 жылы 31 мамырда Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Президенті, профессор Каланова Ш.М. BI University басшылығына 2018 жылғы 28-29 наурыз аралығында IQAA сарапшылар тобы өткізген институционалдық аккредиттеу туралы куәлігін салтанатты түрде тапсырды.
BI University еліміздің қарқынды дамып келе жатқан, жетекші ғалымдар, оқытушылар мен спикерлерді тартатын ғылыми және білім беру орталықтарының бірі болып табылады. Университет ғылымды, білім мен инновацияны интеграциялауға, сондай-ақ әрбір тыңдаушының қабілетін арттыратын шығармашылық ортаны құруға ерекше көңіл бөледі. 2012 жылы BI-Group құрылыс компаниясы бәсекелестік нарық жағдайында оның жалғыз бәсекелестік артықшылығы оның қызметкерлері екендігін түсініп тұрып, BI-Group Корпоративтік университетін құрды. 2017 жылы ол BI University деп түрлендірілді, «Тайм Астана BI University» атымен ЖШС мәртебесіне ие болды.
Университетте мамандарды кәсіптік даярлаудың, жобалық менеджерлерді кәсіби және ұзақ циклді даярлаудың 15-тен астам білім беру бағдарламаларын жүзеге асырылады. BI University өз қызметінің басты мақсаты адами капиталдың құндылығын арттыру арқылы компанияның жүйелі сенімділігі мен тұрақты дамуын қамтамасыздандыру болып табылатынын айқындайды.