2018 жылы 29 маусымда Білім сапасын қамтамасыздандыру агенттігінің (IQAA) президенті, профессор Каланова Ш.М. Назарбаев Университет тыңдаушыларына «Білім берудегі көшбасшылық» курсы бойынша «Еуропалық стандарттар мен нұсқаулар (ESG) және Сапаны қамтамасыздандыру бойынша Еуропалық тізілімінің (EQAR) рөлі» және «Сапаны ішкі қамтамасыздандыру жүйелерінің үздік үлгілері және шетелдік университеттерінде олардың мониторингі» атты дәрістерді оқыды. Бірінші дәріс барысында жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру жүйесінің жалпы ережелері белгіленді.
Атап айтқанда, жоғары білімнің Еуропалық аймағындағы сапаны қамтамасыздандырудың Стандарттары мен Жетекші нұсқауларын әзірлеу, сондай-ақ сапаны қамтамасыздандыру Еуропалық тізілімінің рөлі туралы ақпарат ұсынылды. Екінші дәріс шетелдегі жоғары оқу орындарының ішкі сапаны қамтамасыздандыру жүйелерін үздік үлгілеріне және Экономика және бизнес Вена университеті, Сяньмэн университеті, Тальки университеті мен Дуйсбург-Эссен университеті сияқты жоғары оқу орындарының тақырыптық зерттеулеріне шолу ұсынылды.