БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

05. 10. 18

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.

WhatsApp Image 2018-10-05 at 14.17.25 fbe1a361-c1f5-4afb-901c-ada81d267569

2018 жылы 5 қазанда сағат 11-00-де Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің ұжымы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президенттің Қазақстан халқына жолдауын «Хабар» телеарнасының тікелей эфирі арқылы трансляциясын көру үшін жиналды.

Жолдау үлкен қызығушылықпен тыңдалды. Ағымдағы Жолдауда білім мен ғылым салаларына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Агенттік ұжымы Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайды және жоғары білім беру сапасын көтеруге жәрдемдесуінде міндеттерді жұмысында іске асырады.

Жалпы алғанда, Жолдауда алдағы жылға еліміздің дамуындағы алты басымдылықтары бар:

I. Халық табысының өсуі.

II. Тұрмыс сапасын арттыру.

III. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру.

IV. Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат.

V. Тиімді сыртқы саясат.

VI. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.

Жолдауда тұрмыс сапасын арттыру мәселесінде бірқатар маңызды міндеттерге, атап айтқанда, 5 жыл ішінде білім, ғылым мен денсаулық сақтау салаларына бюджет шығыстарын ІЖӨ-нің 10%-ына дейін жеткізу қажеттілігіне, сондай-ақ жоғары оқу орындардағы дайындық сапасына деген талаптарының күшейтуіне назар аударылды. Сонымен қатар, Президент Н. Назарбаев жоғары оқу орнының түлектерін жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы ЖОО-ның табыстылығын бағалаудың басты критерийі болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы білім беру нарығында жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін оларды ірілендіру бойынша саясатын жүзеге асыру қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің мысалында қазақстандық жоғары оқу орындарында жұмыс істеу үшін ең үздік шетелдік топ-менеджерлерді тарту маңыздылығына тоқталды. Бұл университет үлгісінде жаңа өңірлік университет құру туралы қажеттілігін Мемлекет Басшысы ұсынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының толық мәтіні 2018 жылдың 5 қазанында Ақорда сайтында http://www.akorda.kz/kz/addresses жарияланды.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo