БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

26. 10. 18

2018 жылдың 16 қазанында Білім сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (ENQA) басшылығы мен Қазақстандағы Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің басшылығы және қызметкердері арасындағы арнайы кездесу өтті.

DSCN3223 min DSCN3230 min 1

Кездесу басында ENQA басшылығы агенттікті аралап, IQAA негізгі қызметкерлермен және әр бөлімнің жұмысымен жақынырақ танысты.
Кездесудің ресми бөлігінде Сапаны қамтамасыздандыру жөніндегі еуропалық қауымдастықтың президенті Кристоф Гролимунд пен қауымдастықтың вице-президенті Кэти Дуйкаертс IQAA командасымен жұмыстың ағымдағы және болашақтағы бағыттарын талқылады. Агенттік тарапынан іс-шараға Байқау кеңесінің төрағасы, Ж. А. Күлекеев, Аккредиттеу Кеңесінің Төрағасы С. Ф. Ударцев, IQAA Президенті Ш. М. Қаланова, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ (орталықтар) аудиті бөлімінің бастығы Ж. Қ. Ахмадиева, жоғары оқу орындары мен колледждерді сараптау жобасының жетекшісі К. М. Джигитчеева, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ (орталықтар) аудиті бөлімінің бас үйлестірушісі Б. С. Имашева қатысты.

DSCN3234 min DSCN3236 min

Іс-шара барысында Агенттіктің стратегиялық дамуының келесідей негізгі бағыттары талқыланды: Еуропа қауымдастығының басшылығы және мүшелерімен әрі қарайғы ынтымақтастық, Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен өзара байланысты кеңейтудің мүмкіндіктері, Агенттік қызметіне ақпараттық қолдауды күшейту, агенттіктің аккредитациялық қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді дамыту.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo