2018 жылғы 6 қарашадағы №41 (150) кезекті нөмерінде «Білімді ел – Образованная страна» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы беттері Астана қаласында БСҚА ұйымдастырған іс-шаралар нәтижелері туралы жарияланымдарға арналған:
• «Астана: ENQA 9-шы Бас Ассамблеясы» - ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қ. 2018 жылы 18-19 қазанда өткізілген ENQA 9-шы Бас Ассамблеясының қатысушыларына сәлемхаты;
• «Жоғары білім беру саласында сапасын қамтамасыздандыру» - ENQA 9-шы Бас Ассамблеясының жұмысы мен нәтижесі туралы толық мәлімет;
• «Аккредитация рәсімін жүргізудегі халықаралық тәжірибені зерделеу» - 2018 жылдың 15 қазанында өткен «Сыртқы сараптамалық топты оқыту және есептер дайындау» атты жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыздандыру бойынша Халықаралық конференцияның жұмысы мен нәтижелері туралы егжей-тегжейлі баяндау.