Жыл сайын Агенттік Қазақстанның Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында тыл ардагерлеріне, мүгедектерге, жасы бойынша зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қайырымдылық акциясын өткізеді.
Агенттік басшылығы өнімдерді сатып алды, 2018 жылдың 17 желтоқсанында Агенттік қызметкерлері оларды өлшеп-ораумен айналысты. Салмағы 12 кг 70 азық-түлік қоржыны дайындалды, онда 22 атаудан тұратын өнімдер жиналды: жаңа жылдық сыйлық, қарақұмық, күріш, макарон өнімдері, шпроттар, күнбағыс және сары май, ірімшік, алма, мандариндер, шай, әртүрлі жеміс-жидектен жасалған қайнатпалар (варенье), шай печеньесі және басқа да өнімдер. Сыйлықтарды апару үшін таксилер жалданды.
Біздің Агенттіктің қайырымдылық акциясын Еуразиялық гуманитарлық институты (ЕАГИ) кезекті рет қолдап, оған қатысу үшін алты студентті жіберді. Акцияның жедел ұйымдастырылуының арқасында 18 желтоқсанда барлық сыйлықтарды Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ұсынған Астана қаласы мен қала маңындағы 70 мекен-жайға 6 бағыт бойынша Агенттік қызметкерлері мен ЕАГИ студенттері таратты.
Жалғыз басты әжелердің, аталардың, мүгедектер мен көп балалы отбасылардың әрқайсысы Агенттік қызметкерлері мен студенттерді азық-түлік үшін ғана емес, олардың тағдырына көңіл бөлгені үшін де ризашылықпен жылы және қонақжай қарсы алды.
Қарт адамдар өз өмірбаянынан қызықты фактілермен бөлісті, елімізге амандық, Агенттікке – өркендеу, басшылық пен әр қызметкерге – денсаулық пен табыс, ал студенттерге – үздік оқу тіледі.
IQAA басшылығы ЕАГИ басшылығы мен студенттер-волонтёрларына, және Агенттік қызметкерлеріне акцияға қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Акцияның толық фотоесепті IQAA-ның Facebook ресми парақшасында көруге болады.