IQAA Аккредиттеу Кеңесінің отырысы барысында төмендегі оқу орындарының институционалдық пен мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу бойынша материалдар қарастырылып талқыланды:
1. «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ (институционалдық аккредиттеу);
2. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖК РМҚ (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу);
3. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ШЖК РМҚ (мамандандырылған аккредиттеу);
4. «Халықаралық бизнес университеті» ЖОО (мамандандырылған аккредиттеу);
5. Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК (институционалдық аккредиттеу);
6. «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» Алматы облысының МКҚК (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу);
7. «Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі» КМҚК (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу);
8. «Павлодар жоғары басқару колледжі» ЖММ (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу);
9. «Қазақмыс корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу);
Көрсетілген білім беру ұйымдарының аккредиттеу бойынша Аккредиттеу Кеңесі шешімдерінің нәтижелері Реестрде мына сілтемелер бойынша ұсынылған:
Аккредиттелген ЖОО-ның тізімі;
Аккредиттелген білім беру бағдарламалар (ЖОО) тізімі;
Аккредиттелген ұйымдар (ТжКБ) тізімі;
Аккредиттелген білім беру бағдарламалар (ТжКБ) тізімі.