БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

30. 04. 19

IQAA-ның 9-шы ENQA мүшелік форумына қатысуы.

2018 жылдың 25-26 сәуірінде Таллинн қаласында (Эстония) ENQA мүшелерінің 9-Форумы өтті. Эстон жоғары және кәсіби білім сапасы агенттігі (EKKA) Форум ұйымдастырды. Форум Таллинн университетінің базасында өтті.

Форум жұмысына IQAA президенті, Шолпан Мұртазқызы Қаланова және Әкімшілік бөлімінің басшысы Дәулет Мұратұлы Қаланов қатысты.

Форум ENQA президенті Кристоф Гролимундтың төрағалығымен өтті.

penqaWhatsApp Image 2019-04-29 at 17.58.42 (3)

Форумның екі күні ішінде қатысушылар ENQA-ның болашақ перспективалары туралы өз пікірін білдіруге және ENQA-ның болашақ дамуын қалыптастыру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиялық жоспарын талқылауға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, жоғары білім берудің еуропалық кеңістігін дамытуға қатысты сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің (ЕПВО) үміттері талқыланды.

WhatsApp Image 2019-04-29 at 17.58.42 (2)WhatsApp Image 2019-04-29 at 17.58.41 (1)

Бағдарлама аясында негізгі презентация ұсынылды:

- «Еуропалық университеттердің бастамасы», спикерлер - Ванесса Дебье-Сентон және Мишель Коснар;

- «2020 жылы және одан тыс жоғары білім беру ландшафты - екі деңгейдегі өзгерістер», спикерлер - Берт ван дер Зваан және Анна Флиерман;

- 1-ші сессияның тұсаукесері: «ENQA агенттіктері шолуларын болашақта дамыту туралы ойлар - SWOT - талдау»;

- 2-ші сессияның тұсаукесері: «ENQA 2021-2025 стратегиялық жоспары».

58373065_2171555946245703_1597398835322159104_o58380555_2171554932912471_578569138864128000_o

Форум аясында IQAA  және Білім беру мен ғылыми зерттеулер сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық агенттік (АНАСЕС) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы Келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасында жоғары және кәсіптік білім берудің сапасын арттыруға жәрдемдесу, сондай-ақ қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкес екі елдің білім беру және зерттеу ортасын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Осындай іс-шаралар халықаралық және ұлттық деңгейде сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамытуға елеулі үлес қосады.

Конференция бағдарламасы мен материалдарымен мына сілтемеде танысуға болады.

Толық фотоесепті келесі сілтеме бойынша қол жетімді.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo