2019 ж. 27 мамыр, Нұр-Сұлтан қ.
Қатысушылар:
IQAA-ның ұлттық және шетел сарапшылары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілері, аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету бөлімдерінің жетекшілері, декандар, жоғары оқу орындарының, ТжКБ ұйымдарының қызметкерлері арасындағы ұлттық сарапшылар, оқытушылар, студенттер.
Қатысу формасы:
Конференцияда сарапшылардың пленарлық отырысы мен фокус топтары болады.
Жұмыс тілдері:
Қазақ және орыс тілдерінде.
Қатысу шарттары:
Конференцияға қатысу тегін. Қатысушы пакетіне конференцияға қатысу, кофе-брейк және түскі ас кіреді.
Агенттік сайтында алдын ала тіркелу 2019 жылдың 21 мамырына дейін талап етіледі.
Қатысудан пайда алу:
Конференцияға қатысушыларға 3 жыл мерзімге жарайтын сараптамашы сертификаттары беріледі.
Конференция қорытындысы бойынша барлық материалдар Агенттік сайтында тіркелген қатысушылар үшін ғана қол жетімді болады.
Өткізу орны:
Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік д.,50, Қазақ ұлттық өнер университеті («Шабыт» оқу корпусы).
Барлық сұрақтар бойынша келесі e-mail: international-conference@iqaa.kz және тел .: 8 (7172) 48-63-74 бойынша хабарласуыңызға болады.