БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

14. 06. 19

Асхат Қанатұлы Аймағамбетовты ҚР Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз!

Аймагамбетов

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 12 маусымдағы Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды.

А.Қ. Аймағамбетов 2017 жылдың тамыз айынан бастап 2019 жылдың қаңтар айына дейін ҚР Білім және ғылым Вице-министрі лауазымында бола отырып, ҚР Парламентінде «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобын тікелей басқарды.

А.Қ. Аймағамбетов Қазақстандағы жоғары оқу орындарын аккредиттеу үдерістерін жетілдіру мәселелеріне қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Асхат Қанатұлы Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік ұйымдастырған «Болашаққа бет бұру: жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі үрдістер, проблемалар мен перспективалар» атты білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша Бірінші Еуразиялық форум - Халықаралық конференциясы (2018 жылғы 20-21 қыркүйек) және жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Еуропалық қауымдастық мүшелерінің 9-шы Бас Ассамблеясы (2018 жылғы 18-19 қазан) іс-шараларында құттықтау сөз сөйледі.

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің ұжымы Асхат Қанатұлын жаңа тағайындалуымен құттықтайды және жемісті жұмыс тілейді!

Өз кезегінде, Агенттік ҚР Білім және ғылым экс-министрі Күләш Ноғатайқызы Шәмшидиноваға мықты денсаулық пен еліміздің білім саласына жаңа жетістіктер тілейді.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo