Қырғыз Республикасы Үкіметінің 29.09.15 ж. № 670 қаулысымен бекітілген аккредиттеу агенттіктерін тану тәртібіне сәйкес және Қырғыз Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Ұлттық аккредиттеу кеңесі отырысының 04.06.2019 ж. № 10 ХАТТАМАСЫ және 2019 жылғы 20 маусымдағы № 733/1 бұйрығы негізінде Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) 5 жыл мерзімге аккредиттеу агенттігі ретінде танылды және Қырғыз Республикасының аккредиттеу агенттіктерінің ұлттық тізіліміне енгізілді.