2019 жылы 4 шілдеде Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттікте (IQAA) цифрландыру жөніндегі агенттіктің қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті. Семинар деректер қоры және ақпараттық технологиялар бөлімімен ұйымдастырылды.
Оқыту семинары барысында барлық қызметкерлер белсенді сұрақтар қойып, практикалық жаттығуларға қатысты. Мұндай ішкі іс-шаралар қызметкерлердің құзыреттілігін дамытуда және ұйымның әлеуетін арттыруда (capacity-building) үлкен рөл атқарады.