2019 ж. 1 күні Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) қабырғасында "Қазақстан студенттер Альянсы" студенттік қозғалысының өкілдері мен IQAA президенті - Қаланова Шолпан Мұртазқызы және жоғары оқу орындары мен ҒЗИ аккредиттеу бөлімінің бастығы - Ахмадиева Жанна Куанышевнаның кездесуі өтті. "Қазақстан студенттер Альянсы" атынан Президент - Ілияс Түстікбаев, атқарушы директоры - Салық Назгүл, Аппарат жетекшісі - Тағай Ұлжан және менеджер - Тәңірбергенов Жәңгір қатысты.
Кездесу барысында ҚСА-ның Еуропалық студенттер одағына (European Students’ Union, ESU) кіру мүмкіндігі, Қазақстан студенттерінің әлеуеті мен білім беру мүмкіндіктерін дамыту, студенттердің қазіргі білім беру жүйесіндегі рөлі және т.б. мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Шолпан Мұртазқызы ҚСА Президентіне институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдеріне қатысушы студенттер үшін Еуропалық студенттер одағының мүшелерімен жазылып, IQAA-мен орыс тіліне аударылған екі нұсқаулықты тарту етті.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мәні білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған серіктестік қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты орнату болып табылады.
Сонымен қатар, IQAA Аккредиттеу Кеңесінің құрамына студент өкілінің кандидатурасы ұсынылды.