2019 жыл қазан айының 10-ында #ErasmusDays аясында Эразмус + жобасының мүдделі тараптары үшін IQAA базасында «Еуропалық интеграция күн тәртібіне (C3QA) сәйкес үшінші деңгейлі сапа кепілдігі жүйесін құру және пайдалану арқылы зерттеулерді интернационализациялауға жәрдемдесу» семинары өтеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі семинардың бірлесіп ұйымдастырушысы болып табылады.
«C3QA» жобасының жұмысына Армения, Қазақстан, Моңғолия, Украина, Франция, Польша және Испания өкілдері қатысты. Жобаның мақсаты: үшінші цикл бағдарламаларын интернационалдандыру үшін сенімді сапа жүйесін құру арқылы Армения, Қазақстан, Моңғолия және Украинада зияткерлік қоғам құруға жәрдемдесу.
Семинарға докторлық бағдарламалар бойынша оқуды жүзеге асыратын қазақстандық жоғары оқу орындарының проректорлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.
Семинар «C3QA» жобасының нәтижелері туралы ақпаратты таратуға арналған. Семинарда PhD және мамандандырылған докторантура бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары мен критерийлері ұсынылады.
Алдағы болатын іс-шараға #ErasmusDays сайтындағы сілтеме: https://www.erasmusdays.eu/event/dissemination-conference-on-the-erasmus-c3qa-projects-outcomes/
Стандарттармен осы жерде таныса аласыздар.