2019 жылғы 10 қазанда IQAA негізінде #ErasmusDays аясында «Еуропалық интеграциялау тәртібіне сәйкес білім сапасын қамтамасыз ету жүйесінің 3-ші циклін енгізу және қолдану арқылы зерттеулерді интернационализацияландыру арқылы көтеру» Эразмус + жобасының нәтижелерін тарату бойынша семинар өткізілді.
Семинарға 40 адам қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, 23 қазақстандық жоғары оқу орындары мен IQAA өкілдері болды.
Іс-шарада құттықтау сөздерін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің ғылыми кадрларды аттестациялау бөлімінің меңгерушісі Қ.Сакенова және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің әдістеме және мазмұн бөлімінің меңгерушісі Ш.К.Сүлейменова сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің өкілдері C3QA жобасының маңыздылығы мен тәжірибеге бағытталған нәтижелерін атап өтті.
Семинар барысында Қазақстандық жобаға қатысушылар - IQAA, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - C3QA жобасы аясындағы негізгі нәтижелер туралы қазақстандық университеттерге презентацияларын ұсынды.
IQAA президенті, профессор Каланова Ш.М. жоба туралы, жобаның қатысушылары мен кезеңдері туралы жалпы ақпарат берді. IQAA үшін жобаның негізгі нәтижесі үшінші циклдің докторлық бағдарламаларына арналған стандарттар мен өлшемдерді әзірлеу және енгізу болды.
Ахмадиева Ж.К., IQAA университеттер мен колледждерді аккредиттеу бөлімінің басшысы қатысушыларға IQAA әзірлеген докторлық бағдарламалардың стандарттары мен критерийлерін таныстырды. Жанна Куанышевна өзінің баяндамасында стандарттардың 7 критерийінің әрқайсысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Бұдан әрі C3QA жобасындағы жұмыс нәтижелері туралы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің С.Зиманов атындағы заң және экономикалық зерттеулер академиясының директоры - Басқарма Төрағасының орынбасары (ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор) М. М. Дауленов баяндама жасады. Мирас Мұхтарұлы КАЗГЮУ тәжірибесімен бөлісіп, олардың қандай қиындықтарға тап болғанын және жобаға қатысу арқылы осы қиындықтарды қалай шешкенін айтып берді.
Polycom қашықтықтан байланыс арқылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аккредиттеу бөлімінің басшысы Абдижаппарова Б.Т. C3QA жобасына қатысу тәжірибесімен бөлісті. ОҚМУ жобаның нәтижесінде докторлық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтар жасады, C3QA жобасын қаржыландыруының арқасында ОҚМУ докторанттарға арналған кабинет үшін жабдықтар алды.
Әрі қарай, семинарға қатысушылар шараның талқылау бөліміне көшті. Әзірленген стандарттарды белсенді талқылау барысында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің, Астана халықаралық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ халықаралық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, КИМЭП Университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің және басқа да жоғары оқу орындары өкілдері пікір білдірді.
Жалпы, семинарға қатысушылар стандарттарды әзірлеу деңгейін жоғары бағалады. Ұсынылған ұсыныстар мен кері байланыс ескеріліп, Стандарттардың соңғы нұсқасына және үшінші циклдің білім беру бағдарламаларын аккредиттеу өлшемдеріне енгізіледі.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылардың ұсыныстарында аймақтық университеттерге бару арқылы немесе онлайн-бейне форматында осындай семинарларды жиі өткізіп тұру ұсыныстары айтылды.