Тәуелсіздік күні және 2020 жаңа жыл қарсаңында Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) басшылығы жыл сайын тыл ардагерлеріне, мүгедектерге, жалғыз басты зейнеткерлерге қолдау көрсету қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
IQAA қызметкерлері 14-15 кг (18 атаудан) арнайы сөмкелерге ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында сенбі күні өлшеп оралған зейнеткерлер үшін қажетті азық-түлік және жаңа жылдық сыйлықтар сатып алынды. Келесі күні жексенбі күні IQAA-ның қалған қызметкерлері жыл сайын Агенттіктің қайырымдылық акциясын қолдайтын Еуразиялық гуманитарлық институтының (ЕАГИ) студенттерімен бірге зейнеткерлердің тұратын жеріне барып, оларға агенттік атынан азық-түлік және сыйлықтар салынған сөмкелер табыс етті және оларды келе жатқан мерекелермен құттықтады.
IQAA өзінің үлгісімен көптеген басқа ұйымдарды осындай қайырымдылық пен қамқорлық акцияларын ұйымдастыруға қатысуға шабыттандырады деп үміттенеді. IQAA агенттік қызметкерлері мен ЕАГИ еріктілер студенттеріне акцияға қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
facebook и instagram ресми беттерінде акцияның толық фотоесепті қол жетімді.