20-21 қазан аралығында IQAA Қазақстанның Болон процесіне қатысуының 10 жылдығына және Темпус пен Эразмус+ ЕО бағдарламаларына қатысуының 25 жылдығына арналған "Жаһандық өңірлік: Қазақстан Болон процесі мен ЕО жобаларында" атты халықаралық онлайн-форумға қатысты.
Форумды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығымен, сондай-ақ Erasmus+ұлттық кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырды.
Осы форум аясында IQAA президенті Каланова Шолпан Муртазовна "Пандемия кезінде IQAA жоғары оқу орындарын сыртқы бағалаудың жаңа форматтары" тақырыбында баяндама жасады. Агенттік Президенті пандемия кезінде енгізілген сыртқы бағалауды өткізудің гибридтік және қашықтық форматтары туралы айтты. Баяндаманы таныстыру кезінде сыртқы бағалаудың жаңа форматтарының ерекшеліктері, гибридті және қашықтықтан оқыту форматтары шеңберінде IQAA қызметіндегі өзгерістер баяндалды, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жаңа жағдайларда сыртқы бағалау рәсімінен табысты өтуі үшін ұсынымдар берілді.