Жаңа жыл қарсаңында, сонымер қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттік (IQAA) 2020 жылдың 17 желтоқсанында қалыптасқан дәстүр бойынша жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жыл сайынғы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Барлық мұқтаж зейнеткерлердің, І және ІІ топтағы мүгедектердің, жүйке-психиатриялық патологиясы бар мүгедек балалардың, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың балаларының тізімін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұсынды.
Агенттік басшылығы азық-түлік пен Жаңа жыл сыйлықтарын сатып алып, оны 16 желтоқсанда Агенттік қызметкерлерінің бірінші тобы 105 сөмкеге салды. Салмағы 10 кг болатын әр сөмке 18 өнімнен тұрды: шпрот, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы, сұлы жармасы, жаңа жылдық сыйлық, шай, шоколад, спагетти, макарон, ірімшік, Шадринск сүті, сары май, алма, мандарин және банандар.
17 желтоқсанда Агенттіктің қызметкерлерінің екінші тобы мен Еуразия гуманитарлық институтының (ЕАГИ) 6 студенті 8 түрлі маршрут бойынша алдын-ала тапсырыс берілген таксилермен 105 мекен-жайға азық-түлікті жеткізді. Біздің қайырымдылық шарамызды жыл сайын қолдайтын және қатысатын ЕАГИ басшылығына және ерікті студенттеріне жеке алғысымызды білдіреміз.
Сыйлық алғандардың барлығы Агенттіктің басшылығы мен қызметкерлеріне азық-түлік, сыйлықтар және көңіл бөлгені үшін қуанып шексіз алғысын білдірді. Өзінің үлгісімен Агенттік басқа ұйымдар мен адамдарды осындай игі істер жасауға және мұқтаж және әлсіз адамдарға көмектесуге шабыттандырады деп үміттенеді. Егер әр адам өз мүмкіндігінше шын жүректен басқа адамдарға жақсылық жасаса, онда жақсылықтың мүмкіндігі шексіз болады!
Қайырымдылық шарасының толық фоторепортажымен IQAA-дың Facebook-тегі ресми парақшасында танысуға болады.