БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

20. 12. 20

"Қарлығаш "балабақшасы" ШЖҚ РМК институционалдық аккредиттеу шеңберіндегі Аудит 2020 жылғы 9-11 желтоқсан

DSCN7590

2020 жылғы 9-11 желтоқсан аралығында білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Қарлығаш "балабақшасы" ШЖҚ РМК институционалдық аккредиттеу шеңберінде сыртқы бағалау жүргізді.

Айта кету керек, бұл сапаны қамтамасыз ету агенттігінің мектепке дейінгі ұйымды алғашқы аккредиттеуі. Бұл Қазақстандық мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу жүйесі үшін өз қызметтерінің сапасын арттыру жолындағы үлкен қадам болып табылады.

Сыртқы бағалау IQAA мектепке дейінгі ұйымдар үшін арнайы әзірлеген стандарттарға сәйкестігіне жүзеге асырылды. Агенттік ҚР БҒМ-нің мектепке дейінгі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін және мектепке дейінгі білім беруді бағалау үшін жетекші еуропалық және американдық стандарттарды пайдаланды.

DSCN7500 DSCN7558

Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу саласындағы жетекші мамандардан, халықаралық сарапшылардан, медицина саласындағы өкілден және ата-аналар өкілінен тұратын сыртқы сараптама тобының жоғары білікті құрамын ерекше атап өту маңызды. Халықаралық сарапшылар ретінде Қазақстан Халықаралық мектебінің (kis) директоры Kirsi Tarkka (Финляндия) және Тампере университетінің профессоры Eeva Hujala (Финляндия) шақырылды. Осылайша, IQAA өз қызметінің аясын кеңейтуді жалғастырып келеді және білім беру ұйымдарын өз қызметінің сапасын жақсартуда қолдауға, сондай-ақ олардың ұлттық және халықаралық деңгейлерде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылады.

DSCN7604 DSCN7652

 

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo