2021 жылы 12 ақпанда Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) Қазақстан жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарына арналған "Сыртқы сапаны қамтамасыз етудегі студенттердің рөлі" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар "ZOOM" онлайн платформасында өтті, оған Қазақстанның 34 жоғары оқу орнының 72 білім алушысы қатысты.
Семинардың мақсаты-Болон процесі туралы, студентке бағдарланған білім беру туралы, және магистранттар мен докторанттарға сыртқы сапамен қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ IQAA сарапшылар базасын кеңейту бойынша өзекті ақпарат ұсыну болды.
Семинарда IQAA Президенті Қаланова Шолпан Мұртазқызы, жоғары оқу орындарын аккредиттеу бөлімінің бастығы Джигитчеева Қарлығаш Мұхареденқызы және мониторинг бөлімінің бастығы Райымбекова Жанат Ахатқызы сөз сөйледі. Аудитке қатысу тәжірибесімен Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Темиров Данияр Ерболович бөлісті. Сарапшы студент ретінде сыртқы аудитке қатысу бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді.
Оқыту семинары барысында барлық студенттер белсенді сұрақтар қойып, пікірталасқа қатысты. Қорытынды кезеңде "Kahoot" платформасындағы интерактивті-танымдық ойын болды. Семинар соңында студенттер сауалнама өтіп, семинарға қатысты қанағаттанушылық деңгейлерін білдірді, сондай-ақ IQAA-ның болашақ іс-шаралары бойынша ұсыныстар берді.
Барлық қатысушыларға семинарға қатысқаны үшін сертификаттар жіберілді.