IQAA ережесіне сәйкес, кеңіс құрамы мерзімді жаңартылып отырылуы қажет. Айгүл Қызырқызы Жұмабаева, Манен Ембергенұлы Омаров және студент Карина Хамитқызы Бейсекеева Аккредиттеу кеңесінің қатарынан әр түрлі себептермен шығып кетті.
Аккредиттеу кеңесінің қатарына мүше болып келесі тізім кірді:
• Еркеблан Мұратұлы Тәжбаев – профессор, химия ғылымдарының докторы, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, «Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ;
• Нуркен Маратович Губашев – доцент, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры;
• Жанат Шуреновна Нуразханова – т.ғ.к., «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Стратегия, сапа менеджменті және науқастардың қауіпсіздігі бөлімінің бастығы;
• Арайлым Ерікқызы Қамзабек – Астана медицина университетінің медицина факультетінің 5 курс студенті;
• Дәурен Қанатұлы Тлеубаев – «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ.
27 наурыздағы Аккредиттеу кеңесінің отырысы барысында келесі білім беру мекемелерін институционалды және бағдарламалық аккредиттеу туралы материалдары қаралды және талқыланды:
1. Халықаралық бизнес университеті;
2. «Talmas Medicus» ЖШС;
3. «Қазақ қатынас жолдары университеті»;
4. «Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ;
5. «Болашақ» Қызылорда университеті»;
6. Баку мемлекеттік университеті.
Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізімі (ЖОО);
ТжКБ аккредиттелген ұйымдарының тізімі;
ТжКБ-ның аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізімі.