БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

Сұрақтар мен жауаптар (Болон процесі)

First cycle degree – бірінші цикл дәрежесі

оқытудың бірінші циклын сәтті аяқтағанда берілетін жоғары білім біліктілігі. 

Framework for qualifications of the European higher education area – Еуропа академиялық кеңістігінің біліктілік жүйесі

қарым-қатынастардың мөлдірлігін және академиялық біліктіліктің еуропалық жүйесінің және ұлттық жоғары білім беру жүйесінің сәйкестігін қамтамасыздандыратын көлемді жүйе. Ол ұлттық академиялық жүйелердің арасындағы өзара әсер ету механизмі болып табылады. 

Grade/mark – бағалау

нақты градусты шкалаға негізделген және курстың әрбір бөлімі немесе жалпы оқыту бағдарламасы бойынша білімді бағалау нәтижелеріне сипаттама беру үшін пайдаланатын кез-келген сандық немесе сапалық өлшем. 

Higher education – жоғары білім

жоғары білімге жалпы орта білім туралы куәлігі ( кәмелеттік аттестаты) немесе басқа да соған ұқсас білімі, сонымен қатар, кәсіби білімі немесе расталған бітірмеген жоғары білімі немесе тиісті тәжірибесі бар білім алушылар түсе алатын оқыту бағдарламалары кіреді.  

ICT teaching – IT-оқыту

заманауи ақпараттық технологияларын және телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып оқыту. 

Intended learning outcomes – шамаланған оқыту нәтижелері

оқуды бітірген оқушының нені оқып білуге, меңгеруге және көрсете алуға тиісті екендігінің декларацияланған тізімі. Оқыту нәтижелерінің тізімі, бітірушінің оқыту нәтижелеріне қол жеткізуін анықтауға пайдалануға болатын, білімді бақылаудың тиісті шарттарымен сүйемелденуі керек. Оқыту нәтижелерінің тізімі және бақылау шарттары, бағалау жүйесі білімді бақылау нәтижелерінің кредит зачетының талаптарына қарағанда жоғары немесе төмен деңгейлеріне негізделген кредит зачетінің талаптарын анықтайды. Егер оқыту нәтижелерінің тізімінде кредиттің қандай жетістіктер үшін есептелгені жеткілікті дәлдікте көрсетілген болса, онда кредиттерді жинақтау және ауыстыру жеңілдеу болады.  

Learning time – оқыту мерзімі (уақыты)

қатардағы студенттің оқыту нәтижелеріне қол жеткізуіне және білімдерін бақылау нәтижелері бойынша кредит алуға қажетті сағаттардың саны. 

Lecture – лекция

оқытушыныңоқушыларға жаңа тақырыпты немесе басқа да оқыту материалдарын түсіндіруіне бағытталған оқыту жұмыстары. Лекцияға әдетте бір оқытушы және көптеген студенттер қатысады. 

Level descriptors – деңгейлер дескрипторлары

әрбір деңгейде оқушыдан күтілетін және талап етілетін оқытудың жалпы сипаттамалары көрсетілген декларацияланған тізім. Деңгейлердің мұндай дескрипторлары оқушыларға әрбір белгіленген деңгейде, талаптардың немесе күтілімдердің типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дескрипторлар бағдарламаның күрделілігі сұрақтары бойынша, материалды игеру жөніндегі оқушының еркіндігі мен талаптары бойынша оқушылар мен оқытушыларға бағыт береді. Оны жалпы дескрипторларды өтілетін сабақтарға және оқыту тәсілдеріне де пайдалануы мүмкін. Деңгейлер дескрипторлары оқу бағдарламаларын жасау, кредиттерді дайындау, бағалау және оқытудың өткен тәжірибесін ( сонымен қатар, неформалдық оқытуды) мақұлдау үшін, сонымен қатар, ПОҚ біліктілігін көтеру жүйесінде пайдаланады. 

Levels – деңгейлер

ранжирленген қысқартылған нәтижелер терминдерінде көрсетілген сатылар сериялары ( үздіксіз қатары); сатылар сериялары біліктіліктерді салыстырады. 

Module – модуль

бағдарламаларында бірдей көлемді (5-6 кредиттен) бөлімдерінемесекөлемнің осы бірлігініңтүбірі бар модульдік оқыту жүйесінде «курс бөлімі» түсінігін «модуль» терминімен жиі ауыстырады. Модуль оқыту бағдарламаларының маңызды бір бөлігі болуы мүмкін, бірақ бұл бағдарламаға тәуелді болмауы да мүмкін. 

National framework of qualifications – ұлттық біліктілік жүйесі

біліктіліктің барлық деңгейлерінің маңызын және өзара байланысын анықтайтын және оқытудың басқа да нәтижелерін осы елдегі жалғыз схема бойынша анықтайтын ұлттық біліктілік жүйесінің сипаттамасы. 

Non-referenced assessment - «қатысты» білім бақылауы

білімді бақылаудың мұндай схемасында, бір оқушының білімі бір потоктың ішіндегі екінші оқушының біліміне қарап бағаланады. Бұл тәсіл студенттердің қабілеттілігін және бақылаудың әрбір мезгіліндегі олардың оқу нәтижелерінің «қалыпты бөлінуін» шамалайды. 

Optional course – таңдау бойынша курс (электив)

оқыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде таңдалынған, бірақ барлық студенттер үшін міндетті емес курс бөлімі немесе модуль. 

Profile – профиль

профиль түсінігі оқу облысының спецификасының немесе біліктілігінің, және жалпы бағыттылығымен немесе маңыздылығымен бір-бірімен байланысты облыстардың қатарына жатады, мысалы, қолданбалы технологиялық бағдарламалар облысының (vocational study) теориялық академиялық оқыту облысынан айырмашылығы бар. 

Qualification – біліктілік

компетентті басқару органы беретін дәреже, диплом немесе сертификат туралы құжат және құпталған бағдарлама бойынша оқуды сәтті бітіру туралы куәлік. 

Qualification descriptors – біліктілік дескрипторлары

оқыту нәтижелерінің қорытындыланған сипаттамасы. Оларға біліктіліктің нақты құрастырылған шарттары (есептеу нүктелері) жатады; оларды ұлттық деңгейлермен жиі салыстырады. 

Recognition of periods of study abroad – шетелде оқыту мерзімін құптау

ECTS ережелері бойынша шетелде оқыту мерзімін құптау, жоода курс бөлімін/модульді сәтті меңгеру нәтижелері бойынша студентке есептелген кредит сандары, оқыту туралы Келісім бойынша оның оқып жатқан университетінің кредит сандарына сәйкес келуін талап етеді. 

Reference points – шарттар («есептеу нүктелері»)

оқыту нәтижелері ретінде қалыптасқан және компетенция терминдерінде көрсетілген біліктілікке тән көрсеткіштер; олар біліктілік бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру базасы болып табылады. 

Resit examination (exam) – қайта тапсырылған емтихан

емтиханды тапсыра алмаған ( немесе басқа да аттестациядан өте алмай қалған) студенттерге белгілі бір мерзім ішінде емтиханды қайта тапсыру ( аттестациядан өту) мүмкіндігі ұсынылуы мүмкін. 

Страница 2 из 3
prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo