Сұрақтар мен жауаптар (Болон процесі)
Second cycle degree – екінші циклдың дәрежесі белгілі бір ғылыми жұмыстан тұратын, оқудың екінші дәрежесін сәтті аяқтаған кезде берілетін жоғары білім біліктілігі. Бұл дәрежені бірінші циклдық дәрежесі бар оқушылар ала алады. |
Seminar – семинар белгілі бір тақырыпты терең оқуды мақсат еткен және сәйкесті дайындығы мен оқушылардың белсенділігі бар оқытушының басшылығымен өткізілетін аудиторлық сабақ. Әдетте семинарды студенттердің бір тобында бір оқытушы өткізеді. |
Student workload – студенттің оқу жұмысының еңбек көлемі орташа студентке (берілген циклдың/деңгейдің) белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуіне қажетті сағат өлшемі бойынша берілген уақыт. Бұл уақыттың ішіне осы студентке арналған оқу жұмыстарының кезеңдері ( мысалы, лекция, семинарлар, практикалық және өзіндік жұмыстар, консультациялар, эмтихандар) кіреді. |
Study programme – оқыту бағдарламасы белгілі бір дәрежені алуға қажетті курс бөлімдерінің немесе модульдердің келісілген жинағы; ол қол жеткізілуі белгіленген кредит санын жинақтауға негізделген оқыту нәтижелерінің терминдерінде анықталады. |
Thesis – диссертация тәуелсіз ғылыми-зерттеу/жобалау жұмыстарына негізделген, белгілі ережелер бойынша (ресми түрде) ұсынылған жазбаша есеп (баяндама); дәреже (әдетте екінші немесе докторлық дәрежені) алудың негізгі шарты болып табылады. Диссертацияның басқа атауы - диссертация (dissertation). |
Tuning - тюнинг (келісу) музыканың қажет емес диссонанстарсыз ойнауы үшін оркестрдегі әртүрлі аспаптардың үйлесуі.ЕВРОТЮНИНГ жобасы, әдет-ғұрыптың жан-жақтылығы жалпы академиялық кеңістікті құрудың жағымды факторы екендігін мойындай отырып, Еуропадағы жоғары білім беру мекемелерінде келісілген жағдайларды ( «есептеу нүктесін» ) құруды қарастырып отыр. |
Tutorial – топтық консультациялар курс бөлімінің немесе модульдің талқыланып жатқан материалдарын тереңірек оқып үйренуді немесе қайталауды мақсат еткен оқытушы өткізетін аудиторлық сабақ. Оны әдетте студенттердің кіші тобында бір оқытушы өткізеді. |