БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

24. 11. 15

Сапаны қамтамасыздандыру бойынша 10- шы Еуропалық Форум (The European Quality Assurance Forum- EQAF), 2015 жылғы 19- 21 қараша, Лондон, Ұлыбритания

БСҚА өкілдері 2015 жылғы 19-21 қарашада Ұлыбританияның Лондон қаласында Сапаны қамтамасыздандыру бойынша 10- шы Еуропалық Форумға қатысты.

Сапаны қамтамасыздандыру бойынша Еуропалық Форум (EQAF) осы саладағы оқиғалардың дамуын бақылау, әзірлеу және болжау мақсатында жоғары білім беру мен сапаны қамтамасыздандыру (QA) салаларынан қауымдастық үшін бірегей платформа болып табылады. Форумның басты мақсаты сапаны қамтамасыздандыру тақырыбындағы сұхбатқа жәрдемдесу болып табылады, ол сұхбат ұлттық шекараларды біріктіріп, жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша нағыз еуропалық пікірталасқа алып келеді, сонымен қатар түрлі мүдделі топтардың арасындағы пікірталастар мен өзара әрекеттесулер арқылы сапаны қамтамасыздандыру процесінің бірлескен еуропалық түсінігін құрайды.

Сапаны қамтамасыздандыру бойынша 10-шы Еуропалық Форумы (EQAF) Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру агенттігімен (QAA) және Лондондағы UCL Білім беру институтымен, Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру еуропалық қауымдастығы (ENQA), Студенттердің еуропалық одағы (ESU), Университеттердің еуропалық қауымдастығы (EUA) және Жоғары білім беру ұйымдарының Еуропалық қауымдастығымен (EURASHE) бірлесіп ұйымдастырылған.

2015 жылғы Сапаны қамтамасыздандыру бойынша Еуропалық Форум «Нәтижелерді қорытындылау және болашаққа көзқарас» тақырыбында өтті. Форумда зерттеулерді, саясатты және тәжірибені талқылай отырып, сапаны қамтамасыздандыру саласындағы ағымдық әзірлемелер туралы баяндамалар ұсынылды. Берілген баяндамалар жобалық сессиялар мен семинарлар түрінде өткізілді.

eqaf2 eqaf3

2015 жыл тек Сапаны қамтамасыздандыру бойынша Еуропалық Форумының 10 жылдығымен ғана емес, сонымен қатар ESG-дің енгізілуінің 10 жылдығымен және Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігі (EHEA) жұмысының ресми басталуының 5 жылдығымен айқындалады. Жақында ESG-дің жаңа редакцияның қабылдауына байланысты, осы жыл сапаны қамтамасыздандыру саласындағы еуропалық саясат жағдайы туралы қорытынды жасау және оның басқа да мүдделі тараптарға әсерін бағалау үшін ең тиімді кезең болып табылады. Форум барысында Европалық кеңістікте жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша процестер жан-жақты қамтылып, оқу орындары мен агенттіктерде еуропалық деңгейдегі саясатты айқындайтын белгіленген тәжірибелер қарастырылды.

EQAF-тың 10-шы мерейтойлық Форумына 74 елден бес жүзден астам делегат қатысты. Сапаны қамтамасыздандыру бойынша Еуропалық Форум – сапаны қамтамасыздандыру саласындағы негізгі мүдделі тараптар арасындағы өзара пікір алмасу, кәсіби даму және тәжірибе алмасуға арналған платформа. Бұл форум сапаны қамтамасыздандыру үшін жауапты ректорлар мен проректорлардың, жоғары оқу орындарындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша жауапты тұлғалардың, студенттердің, сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік қызметкерлерінің және жоғары білім беру немесе сапаны қамтамасыздандыру саласында қызмет ететін зерттеушілердің үлкен қызығушылығын тудырды.

 eqaf4 eqaf5 

EQAF-2015 туралы толығырақ ақпаратты осы жерден көруге болады.

 

glavnaya rus

 

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo