Семинарда сапаны ішкі қамтамасыздандыру жүйесінің теориялық негіздері, шетелдік университеттерінің сапаны ішкі қамтамасыздандыру жүйесінің үздік үлгілері, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының сапаны ішкі қамтамасыздандыру бойынша тәжірибесі ұсынылды. Агенттіктің қызметкерлері алдын-ала үлкен жұмыс атқарды. БСҚА EURASHE-ден профессор Люсьен Боллаерттің «Кәсіби білімге ерекше мән беруімен жоғары білім берудегі сапаны ішкі қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық» атты кітабын аудару және жариялау құқығына ие болып, кітапты семинардың барлық қатысушыларына таратты.
Семинарда БСҚА президенті, профессор Қаланова Шолпан Муртазқызы кіріспе сөзбен бастап, Қазақстанның 55 жоғары оқу орындарынан келген 156 семинарға қатысушыларына (ректорлар, вице-ректорлар және сапа қамтамасыз ету бөлімдерінің өкілдері), БСҚА Аккредиттеу кеңесінің мүшелеріне, Назарбаев Университетінің оқытушыларына, БСҚА қызметкерлері мен басқа да ұйымдардан қатысушыларына арнап сөз сөйледі.
Бұл семинардың бағдарламасы бірнеше бөліктен тұрады:
1) «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету болашағы: заманауи жағдайда сапаға қол жеткізудің жаңа жолдарын іздестіру. 1-бөлім» атты презентациясымен (ағылш. "The Future of QA in HE in search of new quality in a new World. Part 1") - спикер проф. Люсьен Боллаерт, тәуелсіз халықаралық сапа қамтамасыз ету саласындағы сарапшы. Ол семинардың бірінші жартысында екі рет сөз сөйледі.
2) «Еуропалық жоғары білім беру аймағындағы ашықтық, сенім және тану жолында» атты презентациясымен (ағылш. "Moving towards transparency, trust and recognition within the EHEA") - Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық реестріндегі (EQAR) саясат саласындағы сарапшысы Мелинда Сзабо сөз сөйледі.
3) «Қазақстандық ЖОО-да сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйелерінің үлгілері» тақырыбындағы фокус-топтардағы пікірсайыстар. Спикерлер: доцент, э.ғ.к. Ақыбаева Г.С., Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Тіркеуші офисінің басшысы «Электрондық университет жұмысының аясында Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ оқу процесінің сапасын бақылау» тақырыбы бойынша, проф., ф.ғ.д. Алматы Менеджмент университетінің бірінші проректоры Қанағатова А.М. «АлмаU тәжірибесі: университеттің сапаны ішкі жүйесі менеджментін трансформациялау үдерісі» тақырыбы бойынша, проф., х.ғ.д. Искаков Р.М., Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры «Студенттердің академиялық бағалауының сапасын басқару» тақырыбында және проф., э.ғ.к. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің академиялық мәселелер және жаңа технологиялар жөніндегі проректоры Бугубаева Р.О. «Казпотребсоюз» Қарағанды экономикалық университетінің сапаны ішкі қамтамасыз етудің жүйесі» тақырыбында баяндама жасады.
4) «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету болашағы: заманауи жағдайда сапаға қол жеткізудің жаңа жолдарын іздестіру. 2-бөлім» атты презентациясымен (ағылш. "The Future of QA in HE in search of new quality in a new World. Part 2") - спикер проф. Люсьен Боллаерт, тәуелсіз халықаралық сапа қамтамасыз ету саласындағы сарапшы.
Доцент, э.ғ.к. Ақыбаева Г.С., профессорлар: ф.ғ.д. Қанағатова А.М., х.ғ.д. Искаков Р.М., э.ғ.к. Бугубаева Р.О. сапа ішкі қамтамасыз ету жүйелерінің менеджменті бойынша презентациялары үлкен пікірталастар мен талқылау тудырды.
Семинар қатысушылардың қызығушылығын тудырды, баяндамашылар семинар қатысушыларының сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында қатысушыларға сапаны қамтамасыз ету менеджменті саласындағы біліктілігін арттыру және қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
Бұл семинар туралы толық фоторепортаж БСҚА-ның ресми Facebook парақшасында орналасқан.